БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

«Бағдат» бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туралы ақпараттық анықтама

1Мектепке дейінгі ұйымның атауыАрыс  қаласының «Бағдат» бөбекжай – балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен – жайы)Түркістан облысы Арыс қаласы Байырқұм ауылы Ш.Жұмабеков көшесі № 38 ғимарат
3Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, web сайт)Ұялы телефон: 8 771 148 79 85
Электрон поштасы: sadik-bagdat@mail.ru
Web сайт. http://bagdat-bb.edu.kz/
Еду кз зонасындағы тіркелген талапқа сәйкес сайт атауы
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшысының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесіКожамуратова Эльмира Ганиевна «Бағдат» бөбекжай балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысының шешімі бойынша 2026 жылғы 02 ақпандағы № 06 бұйрықпен меңгеруші болып тағайындалған.
5Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/ куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтама заңды тұлғаның қайта мемлекеттік тіркеуден 31.05.2017ж өткен. БИН 171040012673  
6Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон)Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы  2017 жылы 05 желтоқсандағы                                № KZ18RVK00015586 хабарлама берілген.
7Құрылған жылы2017 жыл
8Типтік ғимаратЕкі қабатты ыңғайластырылған
9Топтар саны5 топ
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешілер: Ӏ ауысым;
13Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс – әрекетінің ұзақтығы — минутпенЖас ерекшеліктері: 5 жас – мектепалды топ 20-25 минут 4 жас — ересек топ 3 жас — ортаңғы топ 2 жас – кіші топ  
14МҰД – ның жобалық әлеуетіБалабақша орны 120 балаға арналған. 05.12.2017 жылы №X.14.X.KZ54VBS00091506 Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды.

   Балабақша ғимараты 2 қабатты типтік жобада ыңғайластырылған. Балабақша 120 орындық, 5 топ жұмыс жасайды. «Күншуақ» кіші тобы, «Балбөбек» ортаңғы топ 3 жас, «Жұлдыз» ортаңғы топ 3 жас,  «Қарлығаш» ересек топ 4 жас, «Айгөлек» мектепалды тобы 5 жас. Әр топ жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс жасайды, сағат 8:00- бастап 18:00 сағатқа дейін. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде.   

   Балабақшада  5 топта  ойын бөлмелері, жатын бөлмелері, жуынып – шайынатын бөлмелері  бар. Бұдан басқа медициналық кабинет, акт залы, асхана, қойма,  әдістемелік кабинеті бар. Материалдық – техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған.  Жылу жүйесі,  кәріз жүйелері  кіргізілген. Су , электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт – дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған.    

   Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал- сайман жабдықтарымен жабдықталған. Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңы өз дәрежесінде жабдықталған. Сонымен қатар заманауи сырғанақ орнатылған. Әр топқа құммен ойнайтын алаңдар ұйымдастырылғын, төбесі жабық. Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, бөлек қоршаулармен  бөлінген. Балалардың денсаулығын нығайтатын ойын құралдарымен жабдықталған.