«Бағдат» бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туралы ақпараттық анықтама
| 1 | Мектепке дейінгі ұйымның атауы | Арыс қаласының «Бағдат» бөбекжай – балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
| 2 | Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен – жайы) | Түркістан облысы Арыс қаласы Байырқұм ауылы Ш.Жұмабеков көшесі № 38 ғимарат |
| 3 | Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, web сайт) | Ұялы телефон: 8 771 148 79 85 Электрон поштасы: sadik-bagdat@mail.ru Web сайт. http://bagdat-bb.edu.kz/ Еду кз зонасындағы тіркелген талапқа сәйкес сайт атауы |
| 4 | Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшысының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі | Кожамуратова Эльмира Ганиевна «Бағдат» бөбекжай балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысының шешімі бойынша 2026 жылғы 02 ақпандағы № 06 бұйрықпен меңгеруші болып тағайындалған. |
| 5 | Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/ куәліктің көшірмесі қоса беріледі) | Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтама заңды тұлғаның қайта мемлекеттік тіркеуден 31.05.2017ж өткен. БИН 171040012673 |
| 6 | Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон) | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы 2017 жылы 05 желтоқсандағы № KZ18RVK00015586 хабарлама берілген. |
| 7 | Құрылған жылы | 2017 жыл |
| 8 | Типтік ғимарат | Екі қабатты ыңғайластырылған |
| 9 | Топтар саны | 5 топ |
| 10 | Балаларды оқыту тілі | Қазақ тілі |
| 11 | Жұмыс аптасының ұзақтығы | 5 күндік |
| 12 | Ауысым саны | Тәрбиешілер: Ӏ ауысым; |
| 13 | Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс – әрекетінің ұзақтығы — минутпен | Жас ерекшеліктері: 5 жас – мектепалды топ 20-25 минут 4 жас — ересек топ 3 жас — ортаңғы топ 2 жас – кіші топ |
| 14 | МҰД – ның жобалық әлеуеті | Балабақша орны 120 балаға арналған. 05.12.2017 жылы №X.14.X.KZ54VBS00091506 Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды. |
Балабақша ғимараты 2 қабатты типтік жобада ыңғайластырылған. Балабақша 120 орындық, 5 топ жұмыс жасайды. «Күншуақ» кіші тобы, «Балбөбек» ортаңғы топ 3 жас, «Жұлдыз» ортаңғы топ 3 жас, «Қарлығаш» ересек топ 4 жас, «Айгөлек» мектепалды тобы 5 жас. Әр топ жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс жасайды, сағат 8:00- бастап 18:00 сағатқа дейін. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде.
Балабақшада 5 топта ойын бөлмелері, жатын бөлмелері, жуынып – шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа медициналық кабинет, акт залы, асхана, қойма, әдістемелік кабинеті бар. Материалдық – техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері кіргізілген. Су , электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт – дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған.
Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал- сайман жабдықтарымен жабдықталған. Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңы өз дәрежесінде жабдықталған. Сонымен қатар заманауи сырғанақ орнатылған. Әр топқа құммен ойнайтын алаңдар ұйымдастырылғын, төбесі жабық. Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, бөлек қоршаулармен бөлінген. Балалардың денсаулығын нығайтатын ойын құралдарымен жабдықталған.